Ғалымдар Hubble ғарыш телескопы арқылы  галактикадағы ең ірі жұлдыздың суретін түсірді. 

Ғалымдар Hubble атты ғарыш телескопы  арқылы Құс жолы галактикасындағы ең ірі жұлдыздың суретін түсірді. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жұлдыздың радиусы Күн жүйесінің центрінен бастап   Юпитердің орбитасына дейінгі қашықтықты алып жатыр деп хабарлайды Sci-News.

Westerlund 1-26 жұлдызының көлемі Күннен 1,5 мың есе үлкен және 330 мың есе жарық. Галактикадағы ең жарық жұлдыз бен Жердің арақашықтығы 16 мың жарық жылына тең.

Westerlund 1-26 жұлдызы бірнеше мың жас жұлдыздардың шоғырлануынан пайда болған Westerlund 1 аймағында орналасқан. Олардың жас шамасы 4-5 миллион жыл болуы мүмкін.

Бұл жұлдыздар шоғырында бірнеше ірі сары гипералып және қызыл аса үлкен алып жұлдыз бен басқа да Күннен ондаған есе үлкен аспан денелері бар.

Ғалымдар бұл жұлдыздар шоғырындағы аспан денелерінің жас мөлшері басқаларына қарағанда едәуір аз болғанына қарамастан, ерте сөнгендері де көп деп отыр. Бұл жағыдай жұлдыздардың көлемі үлкен болған сайын, жас мөлшері де азая беретіндігін  көрсетіп отыр.

"The Qazaq Times"