Нұр-Сұлтанда ондаған адам президент әкімшілігінің алдына жиналып, белгілі бір сот үкімдеріне қатысты наразылығын білдіріп жатыр.
Сонымен қатар, олар президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді талап етіп, кешке дейін ғимарат алдынан кетпейтінін айтып отыр. Мәліметтер бойынша, наразылар «Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың отставкаға кетуін» талап етеді. Жиналғандардың ішінде «заңсыз сот шешімінің негізінде жалғыз баспанасынан айырылдық», «баласының өлімін дұрыс тергемеді», «жақынын жазықсыз түрмеге отырғызды» деп келгендер болған. Наразылардың арасында Алматы, Көкшетау, Петропавл және Павлодар қалаларынан барған адамдар бар.
Наразы топ осымен екінше рет президент Тоқаевпен кездесуді талап етіп отыр. Бірінше рет олар Нұр-Сұлтанда 4 маусымда жиналып, «Нұр Отан» партиясының орталық ғимаратына жиналған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі