Қасым-Жомарт Тоқаев ресми іссапармен Қытайға бармақ.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айының 11-12 күндері Бейжіңге ресми іссапармен барады. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышовты қабылдап, аталмыш іссапарды талқылаған. Әзірге іссапар барысында тараптардың қандай бағытта келіссөздер жүргізетіндігі белгісіз.
Айта кететін бір жайт, осыдан біраз уақыт бұрын БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде Қытайда қысым көріп жатқан этникалық қазақтар мәселесі қызу талқыланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Қытайға Қазақстан президенті ретінде алғаш рет бармақ. Ол бұған дейін Ресей мен Өзбекстанға барған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?