Еуропалық Одақ өз тарихындағы ең ірі сауда келісіміне қол қойды.
Келіссөз бойынша 20 жылдан кейін Еуропалық одақ құрамындағы 28 ел Оңтүстік Америкаға көлік, дәрі-дәрмек, шарап және ірімшік өнімдерін баж салығынсыз жеткізеді.
Сонымен қатар, қос тарап ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік тауарлар саудасындағы баж салығын төмендетуден басқа, мемлекеттік сатып алуды, санитарлық нормаларды, авторлық құқықтарды қоса алғанда, қызметтердің негізгі секторы үшін тарифтік емес шектеулердің бір бөлігін алып тастауға келісті. Қазір осы шектеулерге байланысты олардың арасындағы қызметтер саудасы тауарлармен салыстырғанда үш есеге аз көрсеткіште.
Енді ЕО мен АҚШ келіссөзге қатысатын әрбір мемлекет парламенттерінің осы мәмілені ратификациялауын қадағалайды. Жоспарға сәйкес бірнеше жылдан кейін келіссөз заңды күшіне еніп, картада жалпы халқы 770 млн адамнан асатын және жалпы ЖІӨ $21 трлн болатын еркін сауда аймағы пайда болады: бұл бүкіл әлемдік экономиканың төрттен бір бөлігі.
Соғыс және бейбітшілік
ЕО бастаған екінші сауда мегакеліссөзі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы ушыққандықтан жасалған. Өз кезегінде Еурокомиссия президенті Жан-Клод Юнкер: «Бұл – тарихи сәт. Келісім арқылы екі тарап жылына 4 млрд еуро баж салығын үнемдейді. Сол үшін аталған келіссөз Еуропалық одақ тарихындағы ең негізгі құжат болмақ. Халықаралық саудадағы қарқынды шиеленістің арқасында біз оңтүстік америкалық серіктестерімізбен бизнесте бас қосамыз», – деді. Енді күзге қарай ЕО билігі жаңартылғаннан кейін, Еуропарламент пен Еурокеңес бірлесе аталған келісімді маұқлдауы тиіс.
Осыған дейін Франция Еуропалық Одақ пен Құрама штаттарының байланысына қарсы болғандықтан, АҚШ тарапы сауда келіссөздерін бірнеше айға шегерген. Бүгін де бұл ел қарсы дауыс беріп, Бельгия қалыс қалғанымен, Еурокомиссия екі бағыт бойынша келіссөз жүргізуді қолға алған. Бұл өндірістік тауарлар тарифтерін азайту және қос тарап өндірушілерінің стандарттарын үйлестіру мақсатында жүргізілді. Қос тарап байланысына қатысты Еуроодақтың сауда бойынша комиссары Сесилия Мальстрем: «Экономикалық талдау өндірістік тауарларға баж салықтарын азайту келісімі Еуропалық Одақтан АҚШ-қа экспорт мөлшерінің 8% артуына, ал АҚШ-тан одаққа экспорттың 9% өсуіне әкелетінін көрсетті. Ауыл шаруашылығы мұндай келісөздерде талқыға салынбайды», – деп мәлімдеді. Ал Ақ үй басшысы Дональд Трамп Еуроодақтың «Airbus» компаниясына субсидия бөлуіне жауап ретінде еуропалық тауарларға баж салықтары енгізілетіні туралы хабарлаған. Осы мәлімдемесі оның «Твиттер» парақшасында жарияланған болатын. АҚШ пен Еуроодақ басшылары Уашингтонда соңғы рет кездескенде бұл саланы келіссөздерден толық шығаратынын айтқан. Еуропалық одақ басшылығы АҚШ-пен ірі келісімді жүзеге асыруға бел буғанымен, Ұлыбритания мен Франция тарабы үзілді-кесілді қарсылық танытып отыр.