Дональд Трамптың президентік басқармасы Халықаралық даму агенттігіне бөлінетін Мемлекеттік департамент бюджетін 37 пайызға қысқартқалы жатқандығы жайлы ақпаратты растады. Бұл қаржы көптеген елдерге экономикалық көмек ретінде берілетін болған. Енді Трамп бұл қаражатты өзге мұқтаж елдерге көмектесудің орнына өзінің әскери қуаты мен техникасын жақсартуға жұмсамақ.
Ақ үйдің қаржымен айналысатын басқармасының өкілі Мик Малвэни америкалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында өзге мемлекеттерге экономикалық көмек ретінде берілетін қаржының үлкен көлемін қысқарту ұсынысы негізінде жұмыстар жүргізіліп жатқандығын және бұл қаржы АҚШ-тың игілігіне жұмсалатындығын жеткізді.
Мик Малвэни қысқартылатын қаржының үлкен көлемде екендігін де айтып өткен болатын. Бұл ақша толықтай АҚШ-тың әскери бюджетіне құйылмақ. Осы жылдың басында Дональд Трамп әскери бюджетті 10 пайызға дейін ұлғайтатынын айтқан еді. Бірақ АҚШ бұл салада әлемде $604, 5 млрд-пен бірінші орында тұрғанына қарамастан тағы $54 млрд ақшаны әскери салаға салатындығын мәлімдеді.
Бірақ Сенат Дональд Трамптың кезекті шешімін қолдап отырған жоқ. Басқа да билік өкілдері бұл өзгеріс Вашингтонның сыртқы саясатын әлсіретіп жіберуі әбден мүмкін деп отыр.
"The Qazaq Times"