Бүгін, 6 шілде Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының жанында "Нұр Отан" партиясы ұйымдастырған митинг болды. Шараға "Нұр Отан" партиясының бірқатар мүшелері мен қолдаушы азаматтар қатысқан. Ұйымдастырушылардың ақпарат құралдарына берген мәліметіне сенсек шараға 1500-ге жуық адам қатысқан.
"Нұр Отан" партиясының митингінде аталған партия мүшелері халықты "арандатушыларға ілеспеуге" үндеген. Олар Мұхтар Әблязовты "сыртта отырып ел ішін арандатып отырған адам" деп атаған. Сондай-ақ, партия мүшелері мен жақтастары қазіргі кезде "қоғамның тыныштығы", "елдің орнықтылығы" ең маңызды екеніне көбірек тоқталған.
Айта кетейік, осыдан бұрын Мұхтар Аблязов елдегі азаматтарды 6 шілде күнінде жаппай наразылық шарасын өткізуге шақырған болатын. Соңғы кездері байқап отырғанымыздай Қазақстанда ресми тараптар жағынан тыйым салынған "Қазақстан демократиялық таңдауы" қозғалысына және Мұхтар Аблязовке биліктегі партияның қарсы шараларының тәсілі өзгере түскендей. Рұқсат етілген митингтер арқылы өз ұстанымдарын халыққа жеткізіп отырғаны байқалады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы