Биыл жыл басынан бері Оңтүстік Кореяға бас сауғалап барған солтүстік кореялықтардың саны 550-ге жуықтаған. Бұл туралы сол елдегі Біріктіру министрлігі ресми мәлімдеме жасады.
Аталған министрліктің мәлімдеуінше, қазір елде Солтүстік Кореяның шекарасынан қашып өтіп, пана сұрай келген 32 мың адам бар. 2011 жылы Ким Жоң Ун билікке келгеннен бері Солтүстік Корея шекарасынан қашып шығатындардың саны көбейе түскен. Жылына шамамен 1000-1500 адам Оңтүстік Кореяға жан сауғалап барады. Биыл жылдың алғашқы 6 айында 546 солтүстік кореялық Оңтүстік Кореяға қашып өткен.
Қазір Оңтүстік Корея Біріктіру министрлігі жоғары биліктен солтүстік кореялық босқындарға қолдау көрсетуге бөлінетін қаражатты көбейту туралы ұсыныс беруде.
Солтүстік Кореядағы қатаң режимнен құтылуға тәуекел ететіндер түрлі жолдармен елден шығуға тырысады. Алайда, Солтүстік Кореяда елден қашуға әрекет еткендер өлім жазасына кесіледі немесе қалған өмірін еңбек лагерінде өткізеді. Елдің солтүстік өңіріндегі бұндай тәуекелшілдер Қытай шекарасына жасырын өтіп, қытай делдалдары арқылы Оңтүстік Кореяға баруға әрекет қылады. Бұл аралықта қытайлық делдалдардың адам саудасымен айналысқаны туралы да деректер бар. Солтүстік Кореяның қатаң режимінен құтылу үшін Жапон теңізінен қайықпен өтуге тәуекел еткендер де кездеседі.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды