Арыстағы жарылыстан кейін бүгін түнде тағы бір әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев хабарлады.
24 маусымда Арыс қаласындағы әскери қомалардың бірінде жарылыс болған. Бастапқыда Қорғаныс министрлігі жарылыс салдарынан ешқандай адамның зардап шекпегендігін айтып, мәлімдеме таратқан. Кейінен әлеуметтік желілерде жарақат алған адамдардың бейнероликтері тарады. Оқиғадан кейін екі адам қаза тауып, 165 адам медициналық көмекке жүгінген болатын.
Қазіргі уақытта Арыстағы әскери бөлімше аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тыйылды. Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының аумағын жарылмай қалған оқ-дәрілерден тазарту үшін арнайы саперлер тобын құрған. Бүгін Арыс қаласындағы 16 көшеден жарылып үлгермеген 70 снарядтың табылғаны белгілі болды. Сол себепті тұрғындар үшін қалаға қайту қауіпті.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?