Әскери қызметкерлер Арыс қаласындағы 16 көшеден 70 жарылып үлгермеген снарядты тапты.
Бұл туралы өзінің фейсбуктегі парақшасында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов хабарлады. Оның айтуынша, әскери жарақтың дені үйлерден табылған. Сол себепті қазір тұрғындарға қалаға келу өте қауіпті дейді ол.
24 маусымда Арыс қаласындағы әскери қоймалардың бірінде жарылыс болған. Салдарынан екі адам қаза тауып, 165 адам медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі уақытта Арыстағы әскери бөлімше аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тыйылды. Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының аумағын жарылмай қалған оқ-дәрілерден тазарту үшін арнайы саперлер тобын құрған. Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстағы жарылыстың қайталану қаупі бар деген болатын. Вице-министр: «Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының көмегімен аэровизуалды ұшулары жүргізді. Оқ-дәрі сақталатын қоймалардың аумағында бықсыған оттың 9 ошағы табылды. Яғни, әзірше қайтадан жарылыстардың орын алу қаупі сақталуда. Дегенмен, бастапқы уақытта орын алған жарылыстардай жарылыс болмайды деп ойлаймын», – деді.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?