Палестина азаттық ұйымдары хабар таратып, Израиль азаматтарының қарулы полицияның қолдауында Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіне "шабуыл" жасағанын айтты. Олар мұсылмандар ұлықтаған мешітке кірген Израиль азаматтарын «ұшқары топ» деп айыптаған.

Иерусалимдегі әл-Ақса мешіті мұсылмандар үшін қасиетті ғибадат орындарының бірі болып саналады. Бұдан тыс аталған мешіт аса құнды тарихи жәдігер қатарында. Сондай-ақ, онда мұражай, медресе және тарихи құрылыстар орналасқан.

Израиль тарабы мешітке тарихи қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанын алға тартады. Айтуларына қарағанда мешітте Сүлеймен пайғамбардың қабірі бар. Ғылыми зерттеу жұмыстары соған бағытталған.  Алайда, Израиль полициясының қолдауындағы бұл әрекеттер палестиналықтар мен еврейлер арасындағы қайшылықты одан ары өршітіп, полиция мен жергілікті тұрғындардың арасында қақтығыстарды жиілеткен.

Бұған байланысты Түркия тарабы мәлімдеме жасап, Иерусалимдегі әрекетті тез арада тоқтатуға шақырған.  

 “The Qazaq Times”