Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Сингапур, Германия және Иорданиядағы елшілерін қызметінен босатып, дипломаттардың орнына жаңа елшілер тағайындады.
Ақ орданың ресми сайтында жарияланған жарлықта: «Аркен Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне; Дәурен Кәріпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне; Айдарбек Тұматов Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», – делінген.
Мәлім болғандай, арнайы жарлықпен Үсен Әбдіқадырұлы Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарудан;
Болат Нүсіпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен;
Азамат Бердібай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елші қызметінен босатылды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы