Қазақстанда атом электр станциясын салуға Ресейден өзге кімдер мүдделі?
Қазақстанстан аумағында атом электр станциясын салуға байланысты тендерге Ресейден өзге АҚШ, Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония мен Францияның бірлескен консорциумдері қатысуда. Тендер жеңімпаздары 2019 жылдың қыркүйек айында белгілі болады.
BussinesKorea басылымының дерегінше, 31 мамыр күні Оңтүстік Кореяның «Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP)» мемлекеттік компаниясы Қазақстанда екі бірдей атом электр станциясын салуға мүдделі екендігін мәлімдеген. KHNP тендерге қатысатындығын айтып, Қазақстан тарапына АЭС құрылысына қатысты құжаттарын тапсырған.
Естеріңізге салайық, Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге жасаған сапары кезінде Ақордаға ел аумағында АЭС салуға байланысты ұсыныс жасаған. Бұл қазақ қоғамында қызу талқыланып, бірқатар азаматтық белсенділер мен саясаткерлер Ресей президентінің ұсынысына қарсы шыққан. Кейіннен энергетика министрі Қанат Бозымбаев АЭС салуда халықтың талап-тілегі ескерілетіндігін айтқан.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?