"Шыңжаңда қазақтар қысым көріп жатыр" деген жалған ақпарат" - деп мәлімдеді Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо.

Елордада мамыр айының 28-і күні өткен қазақ-қытай қарым-қатынасына арналған жиыннан кейін Чжан Сяо журналистер сұрағына жауап берді. Онда ол Қытайдың Шыңжаң аймағындағы қазақтардың қысым көріп жатқандығы туралы ақпараттардың барлығы жалған екендігін айтты.

«Ақпараттың барлығы жалған. Бұл ақпараттарды қайдан алдыңыздар? Шыңжаңдағы жағдай бірқалыпты. Шыңжаңдағы жағдай – терроризм және экстремизммен күрес әрекеттері» - деп мәлімдеді Сяо.

Қытайдағы этникалық қазақтардың қысым көріп жатқандығы жөніндегі ақпараттар 2017 жылдан бері БАҚ беттерінде айтылып келеді. Осыған байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде баспасөз мәслихаты өтіп, арғы беттегі қазақтардың Қазақстандағы туыстары аталмыш мәселеге байланысты биліктен бірнеше мәрте көмек сұраған.

"The Qazaq Times"