Венесуэла президенті Николас Мадуро оппозициямен келіссөздер жүргізуге дайын.
Николас Мадуро өзінің «Twitter» парақшасына Норвегия астанасы Осло қаласында өтетін келіссөздер жөнінде мәлімдеме жасады.
«Біздің Ослоға баратын делегациямыз келісілген күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға және оппозиция өкілдерімен келіссөздер жүргізуге дайын » - деп жазды Мадуро.
Естеріңізге салайық, келесі аптада Венесуэла президентінің жақтастары Осло қаласында оппозиция өкілдерімен кездеседі. Олар елде болып жатқан саяси дағдарыс пен мүдделер қақтығысы жөнінде келіссөздер жүргізеді.
Қаңтар айының 23-і күні Каракастағы митинг кезінде оппозициялық саясаткер Хуан Гуайдо өзін «уақытша үкімет президентімін» деп жариялаған. Осы уақытқа дейін оны Венесуэланың лигитимді президенті ретінде АҚШ, Канада және бірқатар Латын Америкасы елдері мойындаған. Ал Мадуро билігін Ресей мен Қытай қолдауда.