АҚШ Таяу Шығысқа қосымша 1,5 мың әскер аттандырмақ.
АҚШ президенті Дональд Трамп мамыр айының 24-і күні Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Таяу Шығыс пен Иранға қатысты мәлімдеме жасады.
«Біз өзімізді қорғауымыз керек. Салыстырмалы түрде алғанда Таяу Шығысқа жіберілетін әскердің саны көп емес. Бұл қорғаныс үшін жеткілікті. Пентагон менің 1,5 мың сарбазды Таяу Шығысқа жөнелту жөніндегі ұсынысты мақұлдағанымды Конгреске жеткізді. Бұл Иран тарапынан төнуі мүмкін қауіптерге беретін ең саналы шешім» - деді Трамп.
Пентагон таратқан ақпарат бойынша, Таяу Шығысқа баратын қосымша әскер Сүрия мен Ирак аумағында болмайды және 1,5 мың сарбаздың ішіне осы уақытқа дейін аймақта борышын өтеп жүрген 600 сарбаз да кіреді. Олар тек қызмет келісім шартын ұзартады.
АҚШ-тың Таяу Шығысқа апаратын қосымша әскері негізінен Patriot әуе қорғаныс жүйесі мен барлаушы ұшақтардан тұрмақ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?