«WikiLeaks» негізін қалаушы Джулиан Ассанж жаңа айыптар тағылғаннан кейін АҚШ заңына сәйкес 175 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл жөнінде АҚШ әділет министрлігі мәлімдеді.
«Егер оның (Джулиан Ассанж) кінәсі дәлелденсе, оған әр пункт бойынша 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі» - делінген ведомства таратқан мәлімдемеде.
Мамыр айының 23-і күні АҚШ билігі Ассанжға 17 бап бойынша айып таққан. Оның ішінде тыңшылық жасады және құпия ақпараттарды жария етті деген айыптар бар.
Джулиан Ассанжға 2010 жылы Швецияда зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған. Ол 2012 жылдан бері Эквадордың Ұлыбританиядағы елшілігінде жасырынған. Оны Британия билігі 2019 жылдың 11-ші сәуірінде Швеция мен АҚШ-тың өтініші бойынша қамауға алған. Мамыр айының 2-і күні Лондон соты АҚШ-қа Джулиан Ассанжға тағылған айыптарды дәлелдеуге 65 күн уақыт берген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?