Ресей президенті Владимир Путин Иранның ядролық келісімі туралы пікірін білдіріп, 2015 жылғы келісімнен кейін Теһранның ашық ядролық бағдарлама жүргізіп келгенін айтты. Бұл туралы Иранның IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.

Путин сөзінде Иранның ядролық бағдарлама жөніндегі лауазымдыларымен кездесуі кезіндегі мәліметтерге сілтеме жасай отырып, Иранның келісімге сай әрекет жасап келгенін растаған. Дегенмен, 2015 жылғы келісімнің сақталып қалуы бір ғана Ресейге ғана байланысты емес екенін айтады.

Ал, Иранның 2015 жылғы келісімнен шығуы туралы да өз пікірін білдірген. Ол Иранның аталған келісімнен шығуы Иран үшін тиімсіз болатынын, себебі, Теһран тарабы келісімнен шыққан сәттен бастап, дағдарыстың барлық кінәсі Иранға жүктеліп, келісімнен ең алдымен бас тартқан Құрама Штаттың әрекеті ұмытылып кететінін айтады.

Қазір Иран мәселесі  халықаралық ең өзекті тақырыпқа айнады. Себебі, экономикалық дағдарыстардан тығырыққа тірелген Иран қарулы әрекеттерге баруы да мүмкін деген болжамдар бар. Бұл АҚШ пен Иран арасында қарулы қақтығыстардың қаупін барған сайын арттыруда.

 “The Qazaq Times”