Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Адам құқықтары және демократиялық институттар бюросы (АҚДИБ) миссиясының басшысы Қазақстан президенттігінен үміткерлермен кездесуге ниетті. Осылай деп Уршула Гацек сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесу барысында айтты.
СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Уршула Гацек өзі басқаратын миссия (құрамында 22 ұзақмерзімді бақылаушы және 300 қысқамерзімді бақылаушы бар) сайлау процесін ауқымды қадағалауына мүмкіндік алатынына үміт білдірген.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда 9 маусымда өтетін президент сайлауын бақылайтын халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді. «ЕҚЫҰ-дан басқа Қазақстанда ТМД, ШЫҰ, ТүрікПА секілді т.б. ұйымдардың бақылау миссиясы келеді»,- деп мәлімдеді СІМ баспасөз қызметі.
ЕҚЫҰ/АҚДИБ бақылаушылары Қазақстанда президент сайлауы аяқталғанға дейін болып, аралық және қорытынды есеп жасайды.
Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 9 маусымда өтеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?