Хакерлер WhatsApp бағдарламасының кемшіліктерінен пайдаланып, смартфондарға тыңшылық бағдарламалар орнатқан. Бұл мәліметті WhatsApp бағдарламасына иелік ететін «Facebook» те растады. Аталған желі бағдарламасындағы кемшілікті компания 10 күн бұрын байқап, қауіпсіздік қызметкерлеріне хабар берген.
Тексеруге қарағанда, хакерлер WhatsApp қолданушыларға "белгісіз" қоңыраулар шалады, смартфон иесі қоңырауды көтерген кезден-ақ оны телефонына бірқатар программалар жазылып үлгіреді. Бұл программалар арқылы хакерлер смартфонның камерасын және микрофонын, өзге де бағдарламаларын меңгеріп алады.
Financial Times басылымының бұл туралы хабарында, хакерлік шабуылға ұшыраған қолданушылар кейде қоңырау қабылдағанын да білмей қалуы да мүмкін. Аталған басылым, тыңшылық программасын Израильдің NSO атты компаниясы жасағанын айтқан. Бұл тыңшылық бағдарлама, жекелердің ұялы-телефондарындағы хат алмасу, хабарласу, электронды пошта, жүріп-тұру және камерасын өшіру-қосу әрекеттерінің бәрін бақылауға ала алады.
Израильдің компания бұл бағдарламаларды мемлекеттік тапсырыс бойынша жасап шығарғанын, ол ұйымдасқан қылмыстық топтар мен терроризмге қарсы күреске пайдаланылатынын алға тартқан. Сондай-ақ, компания оның дұрыс емес бағытта қолданылып жатқаны туралы тексеріп анықтап, алдағы уақытта сатылуын тоқтатуы мүмкін екендерін мәлімдеді.
WhatsApp компаниясы қолданушыларына ұялы телефондарындағы аталған бағдарламаны қайталай жаңартуды өтініш етті. Сонымен қатар, компания қанша қолданушының шабуылға ұшырағаны туралы тексеруді бастап кеткен.
Дегенмен, хакерлік шабуыл жалпы қолданушыларға емес, тек көздеулі жеке тұлғаларға бағытталған деген де мәліметтер бар.