Испанияда парламенттік сайлауда елдің социалистік-жұмысшы партиясы басым түсіп, 350 орындық депутаттар конгресінде 123 мандатқа ие болды. Бұл – Испания үшін бұрын-соңды болмаған жағдай. Handelsblatt неміс басылымының хабаралауынша, Испанияда соңғы төрт жылда үшінші рет өткен парламенттік сайлауда VOX оңшылдар партиясы 24 орынға қол жеткізген.
1930 жылдан бері Испания қоғамы оңшыл және солшыл қанатқа бөлінген. Басым түскен Социалистік партиядан бөлек, солшылдар қатарында Каталонияның республикалық партиясы, Подемос және VOX партиялары бар. Оңшылдар санатында Испанияның халықтық партиясы, «Азаматтар» және VOX ұлттық партиясы бар. Биылғы парламенттік сайлау нәтижесінде Социалистік-жұмысшы партиясы 123 мандатқа, халықтық партиясы 66 мандатқа ие болды. «Азаматтар» партиясы 57 депутаттық орынмен үшінші орында.
ВВС арнасының Еуропа бойынша сарапшысы Катя Адлердің айтуынша, VOX ұлттық популистік партиясының күтпеген жерден 10% дауыспен 24 мандатқа ие болуы басқарушы партияға қатер төндіреді. Себебі, Каталонияның егемендік алуға ұмтылуы және испан саясаткерлерінің бұл жағдайды реттей алмауы күрделі мәселелердің біріне айналды. Ал аталған ұлттық партия Каталония мәселесіне нүкте қою мақсатында сайлауға түсіп отыр. Алдағы уақытта Еуропарламентке сайлау өтетінін ескерсек,VOX партиясының Испания парламентіне өтуі жергілікті билік қана емес, Брюссельдегі либералдар үшін де қиынлдық туғызбақ. Бұл ретте оңшыл бағыттағы партияның ықпалы тұтас Еуроодаққа әсерін тигізуі мүмкін.
Осы жылы 11 ақпанда Испаниядағы консервативтік «Ұлттық партия», әсіре оңшыл «Вокс», орталықшыл «Азаматтар» партиясы ұйымдастырған болатын. Мадридте өткен наразылық шеруіне жалпы саны 45 мыңға жуық адам қатысты. Орталықшыл «Азаматтар» партиясының (Ciudadanos) мүшелері елдің премьер-министрі Педро Санчестің сепаратистермен келіссөздер жүргізу үшін делдал тағайындау жоспары Отанға опасыздық жасаумен тең айыптады. Сонымен қатар, сепаратистер ел премьер-министрі Педро Санчестің биліктен кетуін және мерзімнен тыс жалпыұлттық сайлау өткізуді талап еткен. Шеруден кейін Испания билігі сепаратистерді жаппай тергеуге алған соң, сепаратистерді жақтаушылар сот ғимаратының жанында демонстрация өткізді. Осы жағдайдан кейін Испания премьер-министрі Педро Санчес елдегі кортестер таратылып, мерзімінен бұрын сайлау өтетіні туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Елдің премьер-министрі Санчес өз уәдесін орындамағандықтан, каталондық партиялар үкіметтік одақтан шығып кеткен болатын. нәтижесінде, кезекті мәрте жаңа сайлау өткізілді. Биліктегі өзара келіспеушілік салдарынан Испания парламентінің негізгі партиясы қиын жағдайға қалды. Соған қарамастан, әлеуметтік озбырлықты бастан кешіп отырған Венесуэла оппозициясы Испания билігіне арқа сүйемек ниетте. Осы ретте оппозиция жетекшісі Хуан Гуаидо Twitter-дегі жазбасында: «Испанияда демократияның салтанат құруына куә болып отырмыз. Тарихымыз бір испан халқына қашан да тілектеспіз. Сондай-ақ жаңа саяси кезеңде Испания үкіметі Венесуэланың дағдарыстан шығуына атсалысады деген үміттеміз», – дейді.
2018 жылы Католония дағдарысы Испания экономикасына 1 млрд еуро шығын келтірген. Негізінен Каталонияның Испаниядан бөлініп шығуға қатысты әрекеті 2017 жылы қазанда басталған. Мемлекеттің тәуелсіздік үшін күресі 2018 жылы жаңа сипат алды. Себебі тәуелсіздік үшін болған өңірлік сайлауда сепаратистердің дауысы басым түсті. Ал осыдан кейін Испания үкіметінің басшысы Мариано Рахой Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пуджемонт пен біраз саясаткерлерді қызметтерінен шеттеткен еді.
Айта кетейік, Каталония – өзінің салт-дәстүрі мен тілі, 7,5 млн халқы бар автономия. Франциямен шектеседі және Испания өндірісінің бестен бір бөлігін құрайды. Ал егер Каталония дербес мемлекет болатын болса, онда оның ЖІӨ Португалия мен Финляндия елдерінің көрсеткішімен тең болуы мүмкін.