Иран АҚШ тарапынан салынған санкцияларға жауап ретінде Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ұйымынан шығу мүмкіндігін қарастыра бастады. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф жексенбі күні мәлімдеді.
Оның айтуынша, Теһран Құрама Штаттардың әрекетіне жауап қатудың бірнеше нұсқасын қарастырған, келісімнен шығу - сол нұсқалардың біріне жатады.
АҚШ сәуір айында санкция тізіміне Иран қарулы күштерінің мәртебелі бөлімі – «Ислам революциясын қорғаушылар корпусын» да қосты. Уашингтон бұл бөлімді террористік әрекеттерді қолдады деп айыптады. Бұған қоса АҚШ мамыр айынан бастап Иран мұнайын алуға бірқатар елдерге берген жеңілдіктерінің күшін жоятынын және Ираннан мұнай сатып алған кез келген елге санкция салатынын қатаң ескертті.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұның алдында Иранмен арадағы "ядролық келісімнен" шығатынын мәлімдеді. Уашингтон «Теһран келісім шарттарды бұзу арқылы Таяу Шығыстағы жағдайларды тұрақсыздандыруда» - деп айыптады. Еуроодақ, Ресей және Қытай АҚШ-тың бұл әрекетін құптамады.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды