Франция президентінің Франсуа Олланд салтанатты жиын барысындағы халық алдында сөйлеу рәсімінде полиция снайпері абайсызда оқ атуы салдарынан екі адам жараланды деп хабарлайды bbc.com.
Оқыс оқиға Францияның батысындағы Вильоньон қаласында жаңа теміржол бөлімшесінің ашылу салтанында орын алған. Снайпер ресми шара өтіп жатқан жерден жүз метрдей қашықтықта орналасқа нысанның шатырында отырған. Кей деректер бойынша мерген абайсызда тайып кетіп, оқыстан шүріппені басуынан оқ атылып кеткен. Теміржол компаниясының қызметкері мен даяшы аяқтарына тиген оқтан жеңіл жарақат алған.
Атыстан кейін салтанатты шараны сәл тоқтата тұруға тура келді, бірақ халық арасында дүрбелең орын алмады.

Фото: bbc.com
Шара аяқталғаннан кейін президент жарақат алғандардың жағдайын сұрап қайтқан болатын. Бұл оқиға бойынша Франция билігі тексеріс жұмыстарын бастап кетті.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы