АҚШ президенті Доналд Трамп пен Франция президенті Олланд 28 қаңтар телефонда тілдесті. Диалог барысында қауіпсіздік, терроризмге қарсы күресу, босқындар мәселесі, климат өзгерістеріне қарата «Париж келісімін» жүзеге асыру, сонымен қатар НАТО аясындағы әскери ынтымақтастық пен қорғаныс туралы тақырыптар талқыланған. Француз ақпарат құралдары Франция мен АҚШ арасында, аталған мәселелер жөнінде айқын пікір қайшылығы сақтағанын айтады. Бұл туралы «Шинхуа» тілшілері world.xinhua08 сайтында хабарлаған болатын.
Ақүйдің хабарлауынша, Трамп Франция және басқа да елдермен лаңкестікке ортақ қарсы тұруға мүдделі. АҚШ НАТО-дағы өз міндетін жалғасты атқарады, алайда қорғанысқа бөлінген қаражаттарды қадағалап, артық шығындарды болдырмауды ескертеді. Трамп телефон арқылы өткен екі жылдан бері лаңкестік шабуылдан қаза тапқан франциялықтарға көңіл айтты.
Франция президентінің баспасөз қызметі сол күні журналистерді қабылдағанда, Олландтың экономика мен саясатты қалыптасып отырған протекционизм салдарларынан қорғау керек деген пікірін айтып өтті. Қазір әлемнің аса бір тұрақсыз күйде, ал, саясаттағы томаға-тұйықтықтың да болашағы жоқ екенін дәріптегенін айтады.
Трамп өз сөзінде демократияны барынша қорғау керектігін, белгіленген демократия принципін сақтау керектігін қадағалай тапсырса керек. Босқындар мәселесі мен лаңкестікке қарсы тұру – екі президент диалогының басты тақырыбы болған. Олланд Ирак пен Сүриядағы (Сирия) лаңкестікке қарсы операцияларға жалғасты ат салысатынын айтып өтті. Екеуара Иранның ядроны дамыту ісі де сөз болды. Франция президенті Иранның ядролық келісімге қатаң бойұсынуы керек екенін атап өтіп, бұл жағында АҚШ-пен ортақ пікірде екенін білдірді. Ол сондай-ақ, климат өзгерістеріне байланысты «Париж келісімі» жүзеге асырылуы керектігін, алайда НАТО-ға әсер етпейтініне де сенім білдірді.
Франциялық БАҚ протекционизмге қарсы тұру, иммиграция, Сүрия дағдарысын оңау, климат өзгерістеріне орай «Париж келісімін» жүзеге асыру сынды тақырыптарда АҚШ пен Франция арасында айқын айырмашылықтар қалыптасып отырғанын мәлімдейді. Франция халықаралық радиосының мәліметіне қарағанда, Олланд Трамптың телефонын қабылдаудан бұрын, Португалия астанасында болатын Оңтүстіктегі ЕО-ға мүше елдер саммитіне шақыру жарияланған. Соған байланысты, Еуропа елдері өз ұстанымдарын нақтылау керек. Ал, АҚШ пен әңгіме – « ұстанымдағы бекемдікті» жүзеге асырудың шарасы деп бағаланды.
“The Qazaq Times”