Түркіменстанның оңтүстігіндегі бірнеше аймақ тағы да ұн тапшылығын тартып жатыр.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Марый уәлаятының бірқатар аудандарының халқы ұн тапшылығын көріп отыр. Серхатабат ауданының Имамбаба, Қаракөл ауылдарында екі аптадан бері ұн сатылымға шығарылмаған.
"Байрамали, Гарагум, Йолотен, Сакар-чэге, Мургаб елдімекендерінің тұрғындары наурыз айының ұнын сәуірдің ортасында ғана алған", - деп жазды "Хроника Туркменистана" басылымы. «Сәуір айының ұнын енді маусымда, жаңа егістік жиналған уақытта ғана бере бастайды» - деген болжам айтады БАҚ өкілдері.
Марый уәлаятындағы ұн тапшылығы көршілес Ауғанстанға көрсетілген гуманитарлық көмекке байланысты туындаған. Сарапшылардың пікірінше, азық-түлік, әсіресе ұн Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде беріліп жатыр. Сол себепті Марый тұрғындары ұнсыз қалуда.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды