Оңтүстік Корея Қазақстанға өздерінің «ақылды ауыл» инновациялық моделін енгізу туралы ұсыныс білдірді.
Соңғы бес жылда Қазақстан мен Корея арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық нығая түскен. Осыған байланысты «Қазақстан – Корея елдерінің даму келешегі» атты семинар өткізіліп, қос тарап экономикалық және цифрлық технологиядағы мәселелерді талқылады.
Корея халықаралық экономикалық институтының президенті Ли Чже Ен: «Оңтүстік Корея Қазақстанмен экономика саласында ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздейді. Былтыр қос ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллардан асып түскен болатын. Сондай-ақ біз ауыл шаруашылығы саласы жағынан ынтымақтастықты дамытпақпыз. Себебі Қазақстан осы салада зор мүмкіндіктерге ие. Бұл мәселелер жақын арада нақты шешімін табады деген үміттеміз», – деп мәлімдеді.
Алдағы уақытта Оңтүстік Корея мен Қазақстан шаруащылық саласында келіссөздер жүргізбек.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы