Түркия қарулы күштері мәлімдеме жасап, Сүрия шекарасына қосымша әскери техникалар мен қарулы жасақ аттандыратынын хабарлады. Түркия Қорғаныс күштерінің айтуынша, бұл әскери күштер Сүрия шекарасына қолдау ретінде жіберілмек.
Кеше Түркияның Сүрияға жақын әскери базаларынан аттанған көлік керуені Хатайға жеткен. Олар саутты автокөліктер мен қарулы әскерлерді Сүрия шекарасына жеткізеді. Қосымша әскери қосындағы әскерлер саны мен техникалар туралы анық мәлімет берілмеген.
Түркия қарулы күштері Сүрияның солтүстік және солтүстік шығыс шекарасында қарулы операцияларды жалғастырып жатыр. Олар Анкара тарабынан террорлық ұйым деп танылған PKK және YPG ұйымдарына қарсы соғысуда. Түркия тарабы террорлық топтардан босатылған аймақтарға еліне кірген сүриялық босқындарды қайтаруды көздейді.


















«ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІ РЕСЕЙ ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУҒА БАРА МА?»: ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ЖАУАП БЕРДІ
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Украина дағдарысының күшейуіне байланысты Ресей – Моңголия - Қытай мүдделік қатынастары
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті