«Апалондардан» кейін жарты ғасырға жуық уақыт өткелі адамзат баласы Айды тағы бір мәрте бағындырмақ. SpaceX атты америкалық жекеменшік ғарыш компаниясы 2018 жылы екі адамның ғарышқа ұшуын ұйымдастырып жатқандығы жайлы мәлімдеме жасады деп хабарлайды bbc.com .
Компанияның басшысы Илон Маск бұл жолы ғарыш кемесіне кәсіби ғарышкерлер емес, қарапайым адамдардың отыратындығы және де олардың бұл сапар үшін «айтарлықтай ақшалай салым» жасағандығын жеткізді.
SpaceX ғарыштық компаниясының басшысы Айға ұшқалы жатқан екі туристің кім екендіктерін әзірге құпия ұстауды жөн көрді. Осы жылы туристер арнайы медициналық тексерістен өте салысымен ғарышқа сапарға дайындықты бастап кетпек.
Сонымен қатар, компания басшысы: «Бұл бағдарлама соңғы 45 жылда алғаш рет адамзаттың ғарышқа оралуын жүзеге асырып отыр» - деп, атап өтті.
Айға сапарға аттанатын ғарыш кемесі осы жылы сынақтан өтетіндігі жоспарланып отыр. Ғалымдардың айтуынша, алғашқы сынақ ұшқышсыз жүзеге аспақ.
«Қарапайы адамдардың ғарышқа ұшуына мүмкіндік беретін бағдарламаның жүзеге асуы SpaceX пен НАСА-ның ынтымақтастығының арқасында жүзеге асып отыр» - деді, Илон Маск.