Ақпарат және қоғамды дамыту министрі Дәурен Абаев кезектен тыс президент сайлауын өткізуге байланысты мәлімдеме жасады.
«Ешқандай асығыстық болған жоқ. Шамамен бір ай бұрын тарихи сәттің куәсі болдық. Халық сайлаған президент Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын қызметтен кетіп, билікті Конституцияға сәйкес, парламент спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады. Қазір ол 2015 жылы халық Нұрсұлтан Назарбаевқа сеніп тапсырған мандат аясында міндетін атқаруда. Осыған байланысты Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын өткізуге байланысты шешімі көңілге қонымды әрі орынды» - деді Абаев.
Бұдан бөлек министр кандидаттарды ұсыну мерзіміне қатысты сұрақтарға жауап берді.
«Өз тарапымнан президент сайлауларына түсініктеме берейін. Президент сайлаулары кезекті және кезектен тыс болады. Кезекті президент сайлаулары желтоқсан айының алғашқы жексенбісінде өтеді. Үміткерлер өз кандидатураларын екі ай бұрын ұсынады. Кезектен тыс сайлаулардың мерзімі басқа. Бұнда сайлау жарияланғаннан кейін екі айдан соң болады. Ал кандидаттарды ұсыну және тіркеу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Сол себепті бұл жерде ешқандай коллизия жоқ және болуы да мүмкін емес» - деп мәлімдеді Абаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында.
Естеріңізге салайық, бұған дейін ОСК үміткердерді сәуір айының 28-іне дейін қабылдайтынын мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?