Еуроодақтың сыртқы істер ведомствосы Қазақстанда өтетін кезектен тыс сайлауға өз пікірін білдірді.

Одақтың баспасөз қызметі жариялаған мәлімдемеде Қазақстан Конституциясына және елдің халықаралық талаптар ұстанымына сай сенімге ие болатын және бүкіл халықты қамтитын президенттік сайлау өтетініне үміт артамыз делінген. Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы қатынастар ортақ құндылықтар, адамның негізгі құқықтарын сақтау, демократиялық принциптерді қадірлеу, заңның құрметтеу мен мемлекеттік басқару сапасына негізделгені жайлы айтылған. Бұл принциптер «Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген серіктестік жөніндегі келісімде» бекітілген

Осыған дейін ЕО сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Майя Косьянчич Одақ атынан Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қатысты пікір білдіріп, алдағы президенттік сайлау әділ өтуі тиіс деген.

Айта кетейік, Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде ЕО-мен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге ең бірінші қол қойған болатын.

"The Qazaq Times"