Еуропалық Одақ Назарбаевтың отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді.
ЕО сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Майя Косьянчич Одақ атынан Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қатысты: «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы жайында білдік. Ол Қазақстанның президенті болған 30 жылға жуық уақыттың ішінде конституциялық реформаларды қоса алғанда жаңғыру реформаларын ілгерілетті. Президент Назарбаев бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке жәрдемдесуге айрықша мән бере отырып, өңірлік, сонымен қатар жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуда жоғары басымдық иеленді», – деді. Сондай-ақ, ресми өкіл Қазақстан Еуропалық Одақ үшін маңызды рөлге ие мемлекет екендігін және Одақ Қазақстанның ең бірінші сауда серіктесі әрі инвесторы болып саналатындығын атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде ЕО-мен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге ең бірінші қол қойған болатын.

















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?