Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның жаңа «экономикалық конституциясын» жасауға тапсырма берді.
Шавкат Мирзиеев экономика және қаржы заңдарын реттейтін жаңа Азаматтық Кодекс дайындауға тапсырма берді. Жаңа «экономикалық конституция» 1995-1996 жылдары қабылданған қазіргі кодексті алмастыруы тиіс және болашақта елге инвестиция тартуға, жеке кәсіпкерлікті дамытуға, ашық экономика қалыптастыруға көмектесуі керек.
Өзбекстан президентінің сәуір айының 5-і күні жарияланған қаулысы бойынша, арнайы ведомствааралық комиссия құрылған. Комиссияның басты міндеті жаңа кодекс жұмысына халықаралық ұйымдарды тарту. Мамандар тарапынан «экономикалық конституция» атауын алған жаңа кодекс 2020 жылдың 1-ші сәуіріне дейін дайын болуы керек.