Өткен аптаның соңында Қытайдың Шынжаң провинциясындағы Шіңгіл аудандық Халық соты Қытай қазақтарынан шыққан кәсіпкер, меценат Мамырбек Көпжасарұлы бастаған 13 қазақ азаматын 1 жыл 6 айдан 20 жылға дейін қамақ жазасына кесті.
Сот үкімінде Мамырбекке ұйымдасқан қылмыстық топ құру, қастандық ұйымдастыру, заңсыз казино қылмысы, қару-жарақ пайдалану қылмысын бұзу, оқ-дәрілер мен қару-жарақты сақтау, басқа айыпталушылармен бірлесіп, «№147» алтын кеніне шабуыл жасау, жұмысшыларды ұрып соғу, мемлекеттік мүллікке зиян келтіру, т.б. толып жатқан айыптарды артқан.

Фото: v.qq.com.
Сот тарабы олардың қылмысы мемлекет заңын елемеу және қоғам амандығы мен тыныштығына ауыр нұқсан келтіру деп қарап, айыпталушы 13 азаматты жеке-жеке 1 жыл 6 айдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырған.
Шынжаң жеріндегі бұл сот ісі туралы түрлі пікірлер қазір қазақ тілді әлеуметтік желіде тарап жүр. Қытай үкіметі Шынжаңда экстремизм мен терроризмге қарсы күреспен қатар, «Қоғамдағы зұлым күштерге қарсы күрес» науқанын да бастағаны белгілі. Кезекті сот ісі де сол күрес науқанының аясында болғаны анық. Осы науқанның желеуімен Қытайдағы алғабасар қазақ азаматтарының сұрақсыз, сотсыз қамалып жатқандары да бар.
Қытай билігі 2017 жылдан басталған “Үйрену лагерлеріне” жасырын топтап тоғытудан тыс алғаш рет ашық сот өткізіп этникалық қазақтарды топтық соттап отыр.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?