Жақында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев артық салмақтағы полиция қызметкерлерін сынға алып: «Алты ай ішінде арықтаңдар, болмаса қызметтен кетіңдер», – деген болатын. Ал, шын мәнісінде бұл Өзбекстанға ғана тән көрініс емес-ті. Қазақстанды қамтыған дүниенің көптеген елінде армия мен полиция артық салмақтағы қызметкердің проблемасына тап болған.

2018 жылғы анықталған мәліметте Құрама Штаттардағы полиция қызметкерлерінің 66 пайызы артық салмақта екені мәлім болған. Ал, 2017 жылғы зерттеуге негізделгенде Құрама Штатта 16 мен 24 ер азаматтардың тек 11 мыңы ғана армия қатарына баруға толымды болған. Басым көп жастардағы семіздің оларды әскерлік міндетін өтеуге жарамсыз еткен.

Былтыр мұндай жағдай Қытайда да анықталды. Қытайдың әскери істерге тақырыбында жазатын басылымы әскери міндет өтегісі келетін жастар арасында сауаланма жүргізген. Нәтижесінде оларға «тамақтану мен демалысқа ғана қызығады» деген баға берген. Әрі, армия жасындағы жастардың көбі әскери дайындықтан өтпей қалған.

Семіріп кеткен солдаттар мәселесі Британияны да әлекке салуда. Британияның Қорғаныс уәзірлігі (министрлігі) әскер қатарындағы азаматтардың 10 пайызында семіздіктің бар екенін мойындаған. Сәуір айынан бастап Үндістан да армиядағы артық салмаққа қарсы ережелерін қатаңдата түспек. Үндістан артық салмақтағы әскери қызметкерлерді маңызды операциялар мен шетелдегі іс-шараларға жібермейтін ереже бекітті. 2016 жылғы мәлімет бойынша, үнді әскерлерінің үштен бірі «семірген солдаттар». Бұны ретке салу үшін Қорғаныс министрлігі әскери жаттығудың түрлерін көбейтті, талабын арттырды және бақылауды күшейтті.

«Семірген солдаттар» мәселесі Үндістан мен Мексикада ең ауыр. Бұдан тыс Испания, Британия, Франция, Үндістан қатарлы елдер әскери парад кезінде  семіріп кеткен әскерлерімен халықтың сынына ұшыраған еді.

Зерттеушілер болса, армия қатарындағы әскерлердің қауіпті жағдайға көбірек ұшырасуы мен ұйқысының қанбауы да олардың ас қорыту жүйелеріне әсер етіп, семіздікке себеп болатынын айтады. Түнімен жұмыс істейтін адамдар қысқа уақыт ішінде толып кететіні ғылыми зерттеулерде анықталған. Себебі, түн мезгілінде адам ағзасы қант пен майды сіңіре алмайды. Шала ұйқы болу адамның ас қорыту жүйесін бұзып, семіздік пен диабет ауруларына шалдықтыруы мүмкін дейді зерттеушілер.

 

“The Qazaq Times”