Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында террорлық топ ДАИШ пен Талибан күштері арасында қақтығыс болды. Қақтығыста 19 адам қаза тапқан.
Кунардың ресми лауазымдылары жасаған мәлімдеме де екі қарулы топ Чападере ауданында қақтығысқан. Атыс кезінде ДАИШ-тан 17 адам қаза тауып 15 адам жарақат алған. Ал, тәліптер жағынан 2 адам қаза тауып, 10 адам жараланған.
Екі қарулы топ арасындағы қақтығыс бақылау территориясына таластан болған. Нәтижесінде, бұған дейін тәліптердің иелігіндегі Чападередегі кейбір аймақтар ДАИШ-тың бақылауына өткен.
Ресмилердің мәлімдеуінше, кезекті қақтығыстан кейін аталған ауданда 2 мыңға жуық тұрғын басқа өңірге қоныс аударған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау