Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілерде аккаунты жоқ.
Наурыз айының 27-і күні сенат баспасөз қызметі Дариға Назарбаеваға қатысты мәлімдеме таратты.
«Бірқатар БАҚ өкілдерінің сұрауына байланысты сенат баспасөз қызметі ҚР парламент сенатының төрайымы Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде аккаунты жоқ екендігін мәлімдейді. Сенат басшысының ресми аккаунты ашылатын болса, ол жөнінде БАҚ өкілдеріне айтылатын болады» - делінген сенат баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Дариға Назарбаеваның атынан ашылған «Twitter» парақшасында жарияланған: «Я придумала себе новый титул. Я буду – Еланасы!» - деген жазба ел арасында қызу талқыланып, қатаң сынға ұшыраған.



















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?