2019 жылы 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де Қазақстан президенті отставкаға кететіндігін жария етті.

1990 жылдан бастап президенттік сайлауда бес рет жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың тосын мәлімдемесі және алдағы уақытта Қазақстанды қандай саяси жағдайдың күтіп тұрғандығы жайлы сарапшылар пікіріне зер салсақ.

Үкім және мұрагер

«Назарбаевтың биліктен кетуі тосын жайт емес» – дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев. Ол өз сөзінде: «Биыл ақпанда Қазақстанның Конституциялық Кеңесі Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтату туралы сауалына жауап берді. Президент әкімшілігі Конституция бойынша президенттің отставкаға өз еркімен кетуі қабылдана ма деген сауалдар қойды. Сол кезде-ақ Назарбаевтың отставкаға кетуге дайындалғандығы белгілі болды», – дейді. Отставка туралы ресми мәлімдеме жасаса да, Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің басшысы боп қала береді. «Нұр Отан» партиясы басшысының қызметі де сақталады. Сонымен қатар, 2010 жылы заңды түрде бекітілген «Ұлт көшбасшысы» лауазымды мәртебесі Назарбаевтың еншісінде қалып отыр. Сол уақытта билік транзиті жүйесін құруға алғашқы қадам жасалды және билік бірнеше жыл бойы саяси, конституциялық маневр көрсетіп келді.

Конституцияға сәйкес, Қазақстан президенті қызметін парламенттің спикері Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады. Бірақ, Досым Сәтпаевтың айтуынша, Назарбаев Тоқаевты өзінің «мұрагері» ретінде тағайындаған жоқ. «Мемлекет басшысының келесі сайлауы 2020 жылға беллгіленді. Бұл өте қызықты сәт болмақ: біз енді сайлауға кімнің қатысып, кімнің бас тартанынына куә боламыз», – дейді сарапшы.

«Кез келген жағдайда Назарбаев президент қызметінен кетсе де, саяси жүйені бақылауды тоқтатпайды» – деген Сәтпаев Қазақстанның экс-президентін Дэн Сяопинмен салыстырды.

Өтпелі кезеңнің басталуы

«Президент Назабаевтың 30 жылдан кейін отставка туралы шешімі күтпеген жаңалық болды. Бірақ, бұл шешім биліктегі саясатқа ешқандай елеулі өзгерістер енгізбейді», – деп мәлімдеді «PRISM» британдық Саяси кеңес беру агенттігінің Қазақстан бойынша сарапшысы Кейт Маллинсон.

Қазақстанда Назарбаев билігі тұсында Қауіпсіздік кеңес туралы заң қабылданды: бұл органның мәртебесі консультативтік-кеңесші органнан Конституциялық қызметке өзгертілді, ал органның өзіне кең өкілеттіктер берілді, деп атап өтті сарапшы. 2018 жылы Назарбаев өмір бойы Қазақстан Қауіпсіздік кеңесін басқару мүмкіндігіне ие болды. Жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаев – билікті сеніп тапсыру үшін өте қауіпсіз «делдал», деп есептейді Кейт Маллинсон.

«Назарбаев Қазақстанмен (бірінші сингапурлық премьер Ли Куан Юдың «министр-мұғалімдер» ұстанымына ұқсас) ықпалды бизнес-топтардың және элитаға кіретін саясаткерлердің мүдделерін сәйкестіре, Қытай мен Ресейді қоса алғанда, елдің негізгі көршілерімен саяси қарым-қатынасты басқара отырып, бейресми тарап болуды жалғастырады. Жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаев – қауіпсіз делдал. Ол экс-президенттің сенімді серіктесі. Сайлау мерзімінен тыс өткізіліп, Тоқаев президент лауазымын сақтап қалуы мүмкін», – дейді Маллинсон.

«Қанша дегенмен, бұл қадам Қазақстанның саясаты мен экономикасында басымдыққа ие отбасы «Назарбаевтар корпорациясы» басқармасының ықпалын сақтайды. Және билікті уақытша басқарушымен жасалған екеуара сценарий бойынша Қазақстан Ресейдің рөлі, мұнай бағасы, әлеуметтік-экономикалық қиындықтарды және элита ішіндегі күресті қоса алғанда, ішкі және сыртқы факторларға байланысты орасан зор тәуекелге бел бууы мүмкін. Сонымен қатар, президенттің мәңгілік емес екендігін түсінген Қазақстан халқы үшін биліктің дәл қазіргі салыстырмалы вакуумдегі өмірін пайдалануға тырысатын өзге мемлекеттер арасынан дұшпандар да табылады», – дейді британдық сарапшы.

«30 жыл күткен...»

Қазақстандағы саяси жаңалыққа қатысты саясаттанушы Алмас Чукин: «Президенттің кетуі біз үшін күтпеген жайт болды. 30 жылдан кейін қазақстандықтар үшін жаңа жағдай орын алды, әрі үш айдан кейін кезектен тыс сайлау күтіп тұр. Нұрсұлтан Назарбаев президент қызметінен өз уақытында кетіп, өте дұрыс қадам жасады. Бұл ретте ол ешқандай түсініктеме берген де жоқ. Билікте отыз жыл болды, алтыншы мерзімнен кейін шаршаған да шығар», – дейді Чукин.

Ал саясаттанушы Ербол Еділов: «Оның кетуі декоративті орын алды, өйткені биліктің басты тұтқасы – Ұлт көшбасшысы, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы және «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы сынды лауазымы сақталады. Осы ретте Тоқаев туралы айта кету керек, ол өз міндеттерін тек келесі сайлауға дейін ғана орындайды. Келесі президент кім болса да, оның өкілеттілігі Елбасыға яғни Ұлт көшбасшысына қарағанда төмен болады» – деді.

«Экс-президенттің жоспарланбаған телевизиялық үндеуі жарияланған сайын, Қазақстан халқы президент өз отставкасын эфирде жариялайды деп ойлайтын. Бірақ, әр хабар Назарбаевтың ел дамуына қатысты жаңа жоспарлары туралы кезекті жолдау болатын. Дегенмен, бұл қауесет президенттің отставкаға кетуі жөніндегі Конституциялық Кеңестің ұстанымын анықтау туралы өтінішінен кейін көп нәрсе білдірді. Әлі де көп нәрселерді назардан тыс қалдырған жоқ. Назарбаев – Қазақстан халқы білетін жалғыз президент.  Бұл Орталық Азияның авторитарлық режимдеріне арналған әдеттегі тәжірибе. Бүгінгі күнге дейін әділ, еркін сайлау орын алмаса да, оның өзге мемлекеттермен тығыз байланысын және танымалдығын өлшеу мүмкін емес», – дейді журналист-сарапшы Абдужалил Абдурасулов.

Сонымен...

Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған экс-президент отставкаға кету туралы мәлімдемені кезекті президент сайлауына бірнеше ай қалғанда жария етті. Дегенмен, ол саяси аренадан кетпейді. Сонымен қатар, сарапшылар Қазақстанның қауіпсіздік кеңесі және «Нұр Отан» партиясы басшысының елдің саяси жүйесін бақылауды сақтап қалатындығын айтты. Демек, 2020 жылғы сайлау шұғыл түрде мерзімінен тыс өткізілмейтін болса, Қазақстан көпвекторлы саясатта басқа қырынан таныла алады.