The New York Times (NYT) газетінің таралымы АҚШ президенті Доналд Трамптың басылымға айтқан сынынан кейін  артты. Бұл туралы NYT газетінің бас редакторы Дин Бакеттің сөзіне сілтеме жасап CNN агенттігі хабарлайды.

«Трамптың әрбір твитінен кейін біздің газетіміздің тараламы арта түсуде. Қандай да бір келіспеушіліктерге қарамастан, біздің басылымның ендігі миссиясы бұрынғыдан айқындала түсті. Соңғы бірнеше айда болған оқиғалар жаңалықтар бөлімі үшін аса маңызды. Ендігі редакция билік пен мемлекетті басқаруды толықтай жазатын болады», – дейді Бакет.

Осының алдында Трамп өзінің Twitter парақшасында The New York Times басылымын өтірік жазады деп сынаған болатын: «The New York Times мен туралы  2 жылдан бері жалған ақпарат беріп келеді. Енді тағы да бір әңгімелер мен  дереккөздер ойлап тауып жатыр».

Президент осылайша The New York Times газетінде жарияланған Трамптың бір күні сипатталған материалға жауап қатты. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер аталмыш мәтіннің «толығымен шындыққа сәйкес келмейтіндігі» жайлы айтқан. Сондай-ақ, Спайсер басылымды ресми түрде президенттен кешірім сұрауға шақырған.

«The Qazaq Times»