Сәрсенбіде Трампты АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар комитетінің жетекшілері Ресей үкіметі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды новичок уымен улағаны үшін Мәскеуді жауапқа тартуға шақырды.
Комитеттің республикашыл төрағасы, сенатор Джим Риш және оның демократ мүшесі, сенатор Боб Менендес Трампқа жазған хатында: «Бізді Ресейдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсендісі Навальныйды тамызда Новичок химиялық жүйке қоздырғыш у мен уланғандығы қатты алаңдатады», - дейді комитеттің басшылары.
8 қыркүйекте комитеттің осыған ұқсас өтінішінен кейін Навальныйдың улану мәселесіне халықаралық қолдау арта түскен болатын. Сонмен қатар сәрсенбіде Германия канцлері Ангела Меркель еуропалық серіктестермен қылмсқа қатысы барларды жауапқа тарту мәселесін талқылайтынын мәлімдеді.
Кремль сыншысы өткен аптада 32 күндік емнен кейін Берлиндегі Чарите ауруханасынан шықты. Германия зертқанасы оппозисонер кеңес үлгісіндегі Новичок уымен уланғанын айтады, алайда Мәскеу Навальныйдың уланғаны туралы ешқандай дәлел көрмегенін мәлімдеді.
Ақ үй Риш пен Менендестің хатына бірден жауап бермеді. АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісінің орынбасары ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінде осы мәселе бойынша одақтастармен жұмыс істейтінін айтты.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?