Жамбыл облысы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандары мен білікті маманға тапшы.
Қазірдің өзінде 65 елді мекенде заманауи медициналық орталық жоқ. Мұнымен қоса, шалғай аудандарда акушер-гинеколог, реаниматолог, неонатолог жеткіліксіз. Өткен жылы кадр тарту мақсатында жергілікті бюджеттен 60 миллион қаржы бөлініп, 74 жас маманға 800 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетілген. Соған қарамастан, жергілікті тұрғындар медициналық-санитарлық көмек көрсету орындары мен дәрігерлердің жоқтығын айтып, шағымданған.
Аталған мәселені реттеу үшін 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы бекітілгенмен, кадр тапшылығы да шешімін тапқан жоқ. Сол себепті жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жалпы алғанда, биыл медициналық тірек, фельдшерлік-акушерлік пункт, амбулатория сияқты 40 нысан салынуы тиіс. Ал Тараз қаласындағы жаңа онкологиялық диспансердің құрылысына 13,9 миллиард теңге бөлінген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел