АҚШ пен «Талибан» қозғалысы келісімге келді.
АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад өзінің «Twіtter» парақшасына «Талибан» қозғалысымен болған келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады.
«Бейбіт келісімге келу үшін төрт мәселені шешу қажет болды. Олар: Ауғанстанның ішіндегі өзара диалог, атысты тоқтату, «Талибанның» өзге террорлық ұйымдармен келіссөздер жүргізуі және елден әскер шығару. Қаңтар айында болған келіссөздерде біз осы төрт бағытты талқылауға уағдаласқанбыз. Біз қазір алғашқы екеуі бойынша мәмлеге келдік. Аймақтан әскер шығару мен терроризммен күрес жөнінде «Талибан» мен АҚШ қосымша Уашингтонда келіссөздер жүргізетін болады» - деп жазды Халилзад өз парақшасында.
Өз кезегінде «Талибан» қозғалысы АҚШ-пен арадағы келіссөздерге қатысты: «Біз қаңтар айындағы уағдаластыққа сәйкес, екі мәселені терең талқыладық» - деген қысқа ғана мәлімдеме таратқан. Бірақ оның қандай мәселелер екендігі жөнінде айтылмаған.
АҚШ пен «Талибан» қозғалысы бейбіт келісім жүргізіп жатқан тұста, Ауғанстан ұлттық армиясының жаңа штаб басшысы Бисмилла Вазири офицерлерге «Талибан» мен «Ислам мемлекеті» содырларын тұтқынға алмай, ұсталған жерінде атып тастауға бұйырық берді. Оның сөзінше, ауған халқында тұтқындарды асырайтын қаржы жоқ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?