Қытайдың Хайнан провинциясында соғыс ұшағы құлап, екі ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы сол елдің «Шинлаң» ақпараттық порталы хабарлаған болатын.
Қытайлық БАҚ-тың хабарына қарағанда, апатқа ұшыраған соғыс ұшағы Қытайдың әскери теңіз күштеріне тиесілі. Әуе шырғалаңы оқу-жаттығу кезінде болған.
Апаттың себептері туралы әлі де анық мәлімет жоқ. Хайнан провинциясы Оңтүстік Қытай теңізіндегі таласты аймақтарға жақын аралды өлке. Онда Қытайдың маңызды теңіз және әуе күштері базасы орналасқан.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды