Қазақстан Қытайға 1,2 млрд доллар қарыз. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Мәжілісте мәлімдеме жасаған Әлихан Смайылов: «Қытайдың алдында мемлекеттік қарызымыз жоқ. Тек қана кепілді қарыз бар – оның көлемі шамамен $1,2 млрд. Яғни мемлекет кепілімен алынған ұлттық компаниялардың займдары. Алдыңғы жылдары Қытай Эксимбанкі мен Қытайдың мемлекеттік Даму банкінен автожол салу жобаларына мемлекет кепілдігімен несиелер алынған болатын», – деді ол. Министрдің сөзіне сенсек, кепілді кредиттің ерекшелігі – үкімет емес, ұлттық компаниялардың қарыз болуында. Мысалы, әкімдіктер, ҚазАвтоЖол сынды ұлттық компаниялар мемлекет кепілдігімен несие алады.

6 наурызда парламент мәжілісінің планарлы отырысында депутаттар «ҚР үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы Қытай Халық Респубилкасынан жеңілдік бойынша несие алу келісімі» жөніндегі заң жобасын ратификациялады. Қаржы министрі Әлихан Смаиловтың сөзінше, Қазақстан Қытайдан 112 миллиард теңге (2 миллиард юань) несиені 20 жылға алған.

Қазақстанда Қытайдан несие алу, Қытай зауыттарын Қазақстанға кіргізу және жерді жалға беру мәселелері жұртты бей-жай қалдырған емес. 2016 жылы Республика бойынша жерді Қытайға жалға беруге қарсы «Қытайға жерімізді бермейміз», «Қытай зауыттары Қазақстан аумағына кіргізілмесін» ұранымен ауқымды жер митингісі өткен болатын. Сонымен қатар, 2017 жылы Тәжікстан Қытай компаниясының қолдануына (мақта өсіруге) ауыл шаруашылығына арналған 5000 га жерді берген. Яғни Қытайлық компания Тәжікстанның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы учаскесін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге жалға алған. Бұл жағдай кез келген мемлекет Қытайдан көп мөлшерде қарыз алса, түбі жерді жалға беруге әкеп соғатындығының айқын дәлелі. Қазақстан халқының қытайлық компнаиялардың артуына қарсылық білдіріп, шыр-пыр етуі де осы қорқыныштың салдарынан болса керек.

"The Qazaq Times"