Қазақстан Қытайдан 112 миллиард теңге несие алмақ.
Парламент мәжілісінің планарлы отырысында депутаттар «ҚР үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы Қытай Халық Респубилкасынан жеңілдік бойынша несие алу келісімі» жөніндегі заң жобасын ратификациялады.
Қаржы министрі Әлихан Смаиловтың сөзінше, Қазақстан Қытайдан 112 миллиард теңге (2 миллиард юань) несиені 20 жылға алған.
«Несие юаньға байланған және жылдық үстемақысы 2 пайыз. Несиені қайтару уақыты 20 жыл. Бастапқы 5 жылда біз тек 2 пайыз үстемақыны ғана қайтарамыз. 6-шы жылдан бастап алған қаржыны қайтаратын боламыз» - деді Смаилов.
Министрдің айтуынша, Қытайдан алған қаржы шекарадағы өткізу бекеттерін модернизациялауға, тас жол мен темір жолдарды жөндеуге жұмсалмақ. Құрылыс жұмыстары биыл басталып, 2022 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Жалпы, Қытайдан несие алу, бірлесіп жұмыс істеу, Қытай зауыттарын Қазақстанға кіргізу сияқты бастамалар қазақ қоғамын қашан да бейжай қалдырмаған. Оған айқын дәлел 2016 жылы Республика бойынша өткен жер митингісі. Онда халық «Қытайға жерімізді бермейміз», «Қытай зауыттары Қазақстан аумағына кіргізілмесін» - деп, Ақордаға дат айтқан.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?