Рамаллах қаласында Израиль қарулы күштері мен палестиналық студенттер арасында қақтығыс болды. Бұл туралы «Анадолы» ақпарат агенттігі хабарлаған еді.
Наразылық шеруіне Батыс Шериядағы Рамаллах қаласының Бірзейит Университеті студенттері шыққан. Олар Израиль әскерінің оғынан қаза тапқан палестиналық жасөспірімдерді еске алып, еврей жасақтарына қарсы наразылығын білдірмек болған.
Студенттер Израиль қарулы күштерінің тән Бейт-Иль әскери штабының жолын жауып тастаған. Ереуілшілерді тарату мақсатында Израиль әскерлері жасауратқыш газ және пластикалық оқтарды пайдаланған. Наразы топ қарулы күшке қарсы тас лақтырған.
Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде наразы палестиналықтар мен еврей қарулы жасағы жиі қақтығысуда. Осыдан бұрынғы дәл осындай қақтығыста екі жасөспірімге оқ тиіп қаза тапқан еді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?