Қазақстан Қырғызстанның екі су қоймасына бейне камера орнатуды ұсынады. Бұл жөнінде парламентте өткен отырыста Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрі Нурбек Мурашев мәлімдеген.
Оның сөзінше, қазақстандық делегациямен көктемгі егінді суғару маусымы жайында сөйлескен. Сол кезде қазақстандық тарап Орто-Токой мен Киров су қоймасына судың көлемін бақылап отыру үшін, бейнекамералар қоюды ұсынған. Қырғыз тарабы мұндай шартпен келіспейтінін жеткізген. Осыдан кейін Қазақстан қырғыздың бірқатар ауыл шаруалышығы өнімдерін импорттауға тыйым салған.
Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанның талабын орындаудан бас тарттық, себебі бұл құпия ақпаратқа жатады деді.
Қазақстан 19 ақпаннан бастап Қырғызстан және Өзбекстанның бірқатар өнімдерін елге кіргізуге тыйым салған.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстаннан келетін алма, құрмаға және Өзбекстаннан келетін шынарға тыйым салатынын мәлімдеген. Айтуынша, аталған өнімдер санитарлық талаптарға сәйкес келмейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?