Президент Назарбаевтың үлкен қызы, парламент депутаты Дариға Назарбаева қазақстандық БАҚ-қа қатысты мәлімдеме жасады.

«Мен өзім БАҚ саласынан шыққандықтан қазір біздің бұқаралық ақпарат құралдарында қаптап тұрған «өлтірді, зорлады, тұншықтырды» дегендердің барлығы рейтингтің артынан қуалау екендігін білемін. Бір жағынан біздің аудиторияны да осы дүниелер қызықтырады. Бұл «шеңберді айналып жүгіру». Біз жағымды дүниелер айтқымыз келеді, бірақ жағымсыз оқиғалар көрсететін редакциялардың рейтингі жоғары. Біз жағымды жаңалықтарды басты назарда ұстағымыз келеді. Бірақ біздің рейтингіміз құлауда» - деп мәлімдеді Дариға Назарбаева журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Дариға Назарбаеваның сөзінше, ол Қазақстанда және шетелде болып жатқан жағдайларды күнделікті қарап, оқып, бақылап отырады. Оның ішінде жағымсыз жаңалықтар да бар.

«Әрине оқимын. Қалай оқымаймын? Біз бұған назар аударуымыз керек қой. Мен пікірлерді оқимын, қоғамның реакциясын бақылаймын. Егер мен қандай да бір әділетсіздік көрсем, біз оған міндетті түрде араласамыз. Біз бұны жария түрде жасамаймыз. Бұның одан ары ушыққанын қаламаймыз. Менің ойымша, ұрсысып, бір-бірімізден талап еткеннен қарағанда, осындай жұмыс тиімді және нәтижелі. Бір нәрсе қаласаңыз, соның жолын тауып, қалаған дүниеңізді алыңыз» - деді Назарбаева.

"The Qazaq Times"