Испанияда кезектен тыс сайлау өтеді.
Испания премьер-министрі Педро Санчес елдегі кортестер таратылып, мерзімінен бұрын сайлау өтетіні туралы ресми мәлімдеме жасады. Енді 28 сәуірде Бас кортес сайлауы өтеді. Бірақ, елдегі оппозияциялық топ сайлауды ертерек өткізуді талап етіп отыр.
11 ақпанда Испаниядағы консервативтік «Ұлттық партия», әсіре оңшыл «Вокс», орталықшыл «Азаматтар» партиясы ұйымдастырған болатын. Мадридте өткен наразылық шеруіне жалпы саны 45 мыңға жуық адам қатысты. Орталықшыл «Азаматтар» партиясының (Ciudadanos) мүшелері елдің премьер-министрі Педро Санчестің сепаратистермен келіссөздер жүргізу үшін делдал тағайындау жоспары Отанға опасыздық жасаумен тең айыптады. Сонымен қатар, сепаратистер ел премьер-министрі Педро Санчестің биліктен кетуін және мерзімнен тыс жалпыұлттық сайлау өткізуді талап еткен. Осы шеруден кейін Испания билігі сепаратистерді жаппай тергеуге алып отыр. Биліктің бұл шешіміне қарсылық білдірушілер, яғни сепаратистерді жақтаушылар сот ғимаратының жанында демонстрация жасады.
Әлі күнге дейін елдегі Каталониялық саясаткерлер мен социалистер бір шешімге келген жоқ. Сарапшы мамандардың айтуынша, кезектен тыс сайлауда социалистік партия жеңіске жетеді.