Тәжікстандағы ақпараттық сайттар қауіпсіздікті сақтау мақсатында бұғатталады. Бұл туралы Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин журналистермен кездесу барысында айтты.
"Ақпараттық сайттар елдегі тұрақтылықты сақтау мақсатында бұғатталады. Картаға қарасақ, біз Ауғанстанмен шектесеміз. Сол себепті алыс-жақындағы басқа елдер Ауғанстанның бізге әсері бар, әрі біздің елде де Ауғанстандағыдай қиындықтар бар деген ойда. Тәжікстан әскери техника не әскери жабдықтар шығармайды. Десек те, біз аймақтағы тұрақты даму үстіндегі мемлекетпіз", - деді.
Сондай-ақ, ол Тәжікстандағы азаматтық соғысқа ақпараттың ашықтығы себеп болғанын атап өтті.
"Кім қандай идеологияны қаласа, соны еркін түрде таратып отырды. Бұл бізге сабақ болды. Ақпараттың күші мықты, көп нәрсеге әсер етеді. Сол себепті азаматтарымыздың патриоттық сезімін ояту үшін, әрі жаағдайды бақылау мақсатында кей ақпараттық сайттар бұғатталады", - деді министр.
Сонымен бірге, Тәжікстанда ақпараттық сайттар мен қатар әлеуметтік желілер де жиі бұғатталады. Мәселен, жылдың басында Фейсбук, Инстаграм, Одноклассники және Вконтакте әлеуметтік желілері бұғатталған еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы