АҚШ президенті Дональд Трамп ДАИШ-ке қарсы коалицияға мүше елдердің СІМ басшылары бас қосқан жиналыста мәлімдеме жасап, террорлық ұйымға қарсы күрестегі халықаралық коалицияның табысы туралы айтты. Ол өзі міндетке отырғаннан бері Ақ үйдің ДАИШ-ке қарсы күреске баса назар аударғанын алға тартқан.
Трамп сөзінде президент болып тағайындала салысымен Пентагонға берген алғашқы міндеті ДАИШ-ке қарсы күрестің жобасын жасап шығару екенін айтқан. Сондай-ақ, бұған дейін аталған террорлық топтың үгіт-насихат жолдары болып келген ғаламтордағы арналарын бұғаттағанын айтты.
«Мен ДАИШ-тың толық жеңіліске ұшырағанын естігім келеді. Бірақ, ресми мәліметті күтіп отырмын. Алдағы аптада біз Сүрия жеріндегі ДАИШ террорлық тобының толықтай жеңіліске ұшырағанын жариялай аламыз», – деді.
Трамп сөзінде халықаралық коалицияға мүше елдерге алғыс айтқан. Олардың қатысуымен Сүрия мен Ирак жерінде террорлық ұйымның 70-ке жуық жоғары лауазымды адамын жойғанын жеткізген.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы