Бас қала баспана мәселесіне енді көңіл бөле бастағандай. Қазіргі таңда көп балалы отбасыларды үймен қамтамасыз ету үшін жаңа құрылысқа қаржы іздей бастаған. Бұл туралы индустрия және инфраструктураны дамыту министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
«Бұл үлкен трагедия. Қиын, әрі өте ауыр сұрақ. «Нұрлы жер» бағдарламасының басты мақсаты халыққа қол жетімді пәтерлер мен үйлерді ұсыну. Сонымен бірге, көпбалалы отбасыларға баспана беру. Биыл біз жыл сайынғы баспана құрылысына бөлінетін қаржыны 25 миллиард тенгеден, 35 миллиардқа өсірді. Осының арқасында 4 мың жалға алынатын пәтер тұрғызылмақ. Оның ішінде көпбалалы отбасылар да бар», деді министр Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар, жалға берілетін үйлерді тағы да көбейту үшін қосымша қаржы тақырыбын үкімет басшысының орынбасары Ерболат Досаевпен талқылайтындығын жеткізді.
Жергілікті билік орындарының ақпараты бойынша, қазіргі таңда 28 мың отбасы баспана кезегін күтуде. Олардың қоныс тойын қашан тойлайтындығы да белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні Астана қаласындағы Көктал ауданында орналасқан жалдамалы пәтерден өрт шығып, 5 бүлдіршін қаза тапқан болатын. Ата-анасы жұмысқа кетіп, қараусыз қалған балаларды қызыл жалыннан арашалап қалу мүмкін болмады. 5 баланы асырау үшін үш айлық нәрестесін тастап жұмысқа шыққан ата-ана бар болғаны 40 минуттың ішінде 5 балапанынан айырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттен бөлінетін 16000 теңге жәрдемақыны көп деген министр Мадина Әбілқасымова әлі күнге дейін ашық мәлімдеме жасамай отыр. Ал, мерзімді декретке шыққан аналардың қу тірлікке ерте араласуы «өздерінің таңдауы» деген Светлана Жақыпованың сөзі қазір қалың жұрттың ашуына тигендігі белгілі.
Оқиғадан кейін қимылдайтын біздің биліктегілер, қаншама жағдайлар болғанымен, әлі күнге дейін дер кезінде мәлімде жасап, қайғыдан бұрын көмектерін созуға асығар емес. Шырылдаған халықтың дауысынан оянатындар, қашан өз бетімен жұмыс істейтіндігі бұлыңғыр болашақтың еншісінде.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді